Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » » Бөлім меңгерушісі
Өнер және мәдениет бөлімі

Бөлім меңгерушісі

САЛИМОВ Дәулет Құрметұлы (Атырау облысы, Балықшы ауданы, «Қызыл-Балық» колхозында 19.09.1966 жылы дүниеге келген.)«Бейнелеу өнері және сызу, еңбек» пәндерінің жоғарғы санатты оқытушысы.Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Өнер және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі.
1973 – 1983 жылдары «Октябрьдің 40 жылдығы» (Қазіргі Ф.Оңғарсынова атындағы) орта мектепте оқыған.Еңбек жолын 1983 жылы «Қызыл-Балық » колхозында балықшы болып бастаған.1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында өзінің азаматтық борышын атқарды.1988 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан педагогикалық институтының көркем-сурет графика факультетінде оқып, бейнелеу өнері және сызу, еңбек пәндері мұғалімі мамандығы бойынша (1993 ж.) бітірген.1993-1997 жылдары Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектепте бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі . 1997 жылдан бастап 2007 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде бейнелеу өнері және сызу, Бейнелеу өнері әдістемесі пәндері бойынша оқытушы, 2004-2005 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан бастап «Өнер және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі.
Дәулет Құрметұлы-колледжге келген күннен бастап өзін шығармашылық бағытта ойлай білетін, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, жаңалыққа жаны құмар ұстаз ретінде көрсете білді.Колледж әкімшілігі тапсырған қандай да болмасын қоғамдық жұмыстарды өте жоғары жауапкершілік тұрғыда орындап, өзіне де, өзгеге де талап қоя алатын маман ретінде көрсетті. «Сызу және перспектива», «Пластикалық анатомия» пәндері бойынша оқу әдістемлік кешендерін жасақтады.2000-2004 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Маңғыстау педагогкалық колледжін, Маңғыстау өнер колледжін, Құрманғазы атындағы Батыс Қазақстан музыкалық колледжін, Ж.Досмұхамбетов атындағы Орал педагогикалық колледж дерін Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі ретінде оқу процесін кешенді тексеруге қатынасты.2006 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер колледжінде өткен Республикалық семинар кеңесте «Бәсекеге қабілетті өнер мамандарын даярлау жолдары» атты баяндамасы жинаққа енді.2007 жылы Астана қаласында өнер және мәдениет мамандарын дайындайтын арнаулы орта орындарының басшылары мен мамандары қатынасқан «Әлеуметтік мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылық» мамандығының Мемлекеттік стандартына түзетулер мен өзгертулер жөніндегі комиссия құрамында болып, өз ұсыныс пікірлерін айтты.2009 жыл Астрахань қаласындағы «Инвестиция және білім.Жетістіктер-2009» атты Халықаралық көрме-жәрмеңкеге қатынасты.2010-2012 жылдары Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінде Мемлекеттік біліктілік аттестаттаттау комиссиясының төрағасы болды. 2005 жылдары Атырау облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлайтын институттан, 2010 жылы Алматы қаласындағы Білім беру жүйесінің басшыжәне ғылыми қызметкерлерінің білімін көтеру Республикалық институты жанынан білімін көтеріп келді.Колледжішілік «Жыл сынып жетекшісі», «Педагогикалық оқулар», «Үздік оқу кабинеті» сайыстарының жүлдегері. 2004 жылы Республикалық «Асар» партиясының І сьездінің делегеты, 2007-2010 жылдары Республикалық «Сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша Бас координаторы қоғамдық қызметтерін атқарды.
       
Марапатталуы:
  • Балықшы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы.1997 ж.
  • Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы, 1999 ж
  • «Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалының Құрмет грамотасы.2009 ж.
  • Атырау облыстық Мәслихатының Құрмет грамотасы. 2010 ж.
  • Атырау облыстық Кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасы 2014 ж.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігігің Алғыс хаты 2014 ж.
  • Атырау облыстық Кәсіподақтар ұйымының Алғыс хаты 2015 ж
  • «Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалының Алғыс хаты.2015 ж
  • Атырау облыстық Кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасы 2016 ж.
  • Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы, 2016 ж
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігігің Құрмет грамотасы 2016 ж
  • Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хаты, 2017 ж
  • Атырау облысы Білім беру басқармасы, Әдістемелік орталығы Алғыс хат 2018 ж
  • «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының «Алғыс хаты» 2019 ж.