Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде тәрбие бөлімнің ұйғаруымен 7 Мамыр — Отан қорғаушылар және 9 Мамыр- Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған "Бақыт гүлін терген күн" тақырыбында салтанатты шеру
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде тәрбие бөлімнің ұйғаруымен 7 Мамыр — Отан қорғаушылар және 9 Мамыр- Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған "Бақыт гүлін терген күн" тақырыбында салтанатты шеру

  Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде тәрбие бөлімнің ұйғаруымен 7 Мамыр - Отан қорғаушылар және 9 Мамыр- Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған "Бақыт гүлін терген күн" тақырыбында салтанатты шеру өтті.
          Студент жастарға Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру мақсатында 1 курс студенттерінің сап түзеген шеруін өткізумен қатар студенттердің саxналық қойылымдары, өнерлері әсерлі өтті. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін нығайту мақсаттары көзделді.
         Шараға "Мектеп","Мектепке дейінгі тәрбие ","Өнер жəне мəдениет","Филология " бөлімінің бірінші курс студенттері қатысып, белсенділік танытты.
         Салтанатты шерумен басталған шара концерттік номермен жалғасын тапты. " Соғыстан қайтқан солдаттар"," Атамекен", " Катюша ", " Жастар биі"," Батырлар монологы " сахналық номерлер студент жастардың бойында патриоттық сезім, Жеңіске деген құрмет, ардагерге сыйластық сезімдерін одан əрі нығайта түсті.
        Шараны ұйымдастыруда белсендік танытқан жауапты оқытушылардың еңбегі зор. Олар АƏД пəнінің оқытушысы С.Т.Қарабəлі, А.Б.Кариев, Мектеп бөлімінің оқытушылары Багитова Айнур, Оспанова Раушан өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқара білді
.