Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Саналы Ұрпақ", Жастар жылы жобасы аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Филология, Мектепке дейінгі тәрбие, Өнер және мәдениет, Мектеп бөлімдері арасында "Ала жіпті аттамағанның-абыройы биік" атты сыбайлас жемқорлыққа байланысты
Колледж жаңалықтары

Саналы Ұрпақ", Жастар жылы жобасы аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Филология, Мектепке дейінгі тәрбие, Өнер және мәдениет, Мектеп бөлімдері арасында "Ала жіпті аттамағанның-абыройы биік" атты сыбайлас жемқорлыққа байланысты

      Сәуір айының 11-шы жұлдызында "Саналы Ұрпақ", Жастар жылы жобасы аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Филология, Мектепке дейінгі тәрбие, Өнер және мәдениет, Мектеп бөлімдері арасында "Ала жіпті аттамағанның-абыройы биік" атты сыбайлас жемқорлыққа байланысты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу,    сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағұлмат беру. Әр топ өз ойларын нақышына келтіре жеткізіп, креативті таныстыруларыменен көрінді. Ақылы мен білімін, позивитивті пікірлерін ортаға салып, ситуациялық жағдайлардан шыға білді.
         Дода нәтижесі бойынша:
         "Мектеп бөлімі" бірінші орынға ие болса, екінші орынды "Өнер және Мәдениет", ал үшінші орынды "Филология" бөлімі жеңіп алды.
      Топтар арасында қалыспай, белсенділіктерін көрсеткендері үшін "Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі" көрермен көзайымы атанып үлгерді. Жеңімпаздар дипломдармен және ұйымдастырушы тарап атынан дайындалған арнайы сыйлықтармен марапатталды.
      Сайыста қазылық еткен колледжіміздің мұғалімдеріне әділ төрелігі, қатысушылардың аса үлкен дайындықтарына және жиналған көрермендерімізге  қолдаулары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.
Ала жіпті аттамай, абыройымыз биік болғай!