Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 19 наурыз күні колледждің төрт бөлімі арасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған» атты қыздар сайысы
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 19 наурыз күні колледждің төрт бөлімі арасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған» атты қыздар сайысы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 19 наурыз күні колледждің төрт бөлімі арасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған» атты қыздар сайысы болып өтті.
Сайыстың негізгі мақсыты - ізгі жолды жалғастырушы қайын сіңілі мен жеңгенің арасындағы сыйластықты, сырластықты насихаттау. Санамызда өшіп бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту. 
          «Бастаңғы» дәстүрі колледждің 1 курс студенттерінің шебер ойнауымен ашылып, көрермендердің көңілін көтерді. «Филология», «Мектеп», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқту», «Өнер және мәдениет» бөлімдерінің белсенді студенттері шараның барлық түріне ат салысты. Сайысқа өздерінің ептілігі мен шеберлігін, жан-жақтылығын еркін көрсете білген, сайыстың кезеңдерінде ерекше креативтілігімен тың идеяларын құрастырып, шебер сомдай білген сайыскерлер сайыстың төрт кезеңі бойынша бәсекеге қабілеттіліктерін көрсетті. Жеңгенің ақыл-парасаттылығы мен қайынсіңлінің сүйкімділігі жарасым тауып, көрермендердің көңілінен медеу тапты. Әділқазылар алқасы жеңге мен қайынсіңлінің киген киімінің үйлесімділігіне, бір – бірімен тату ілтипатына, жағдаяттардан әдемі жол тапқан тапқырлықтарына, салт дәстүрді тануына, дәмді тағам түрлерін жұптасып жасай білгендіктеріне, өнерлеріне, сахна мәдениетін әдемі ұстануларына, бейнероликке түсудегі креативті тапқырлықтарына қарай әділ бағаларын берді.
         Тұрсынғалиева Мадина,Жұмабек Талғат, «Меруерт» үлгі би тобы өз өнерлерін көрсетті. Ойларының ұшқырлығымен,таланттарының тапқырлығымен көрермен көзайымына айналып ІІІ-дәрежелі дипломмен «Өнер және мәдениет» бөлімінен қатысқан Рамазанова Айнаш, Бақтыбай Нұрайна ІІ-дәрежелі дипломмен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқту» бөлімінен өз бақтарын сынаған Табылдиева Айдана, Бағытжанова Бибіробия І-дәрежелі дипломмен «Мектеп» бөлімінің атынан бәйге түскен Тлегенова Арайлым,Нұрлыбек Шахризада марапатталды.
        Сайыс бойынша оқ бойы озық,ақылы мен көркі сай,сыйластығымен ерекше көзге түсіп бас жүлдені олжалаған «Филология» бөлімінің қатысушылары Бағытова Аниель, Аманова Ұлжан жеңімпаз деп әділ қазылар алқасының шешімімен баллдық жүйе бойынша анықталды.