Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Филология» бөлімінің оқытушысы Масатова Самал Табылдықызының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ардагерлермен кездесу кеші
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Филология» бөлімінің оқытушысы Масатова Самал Табылдықызының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ардагерлермен кездесу кеші

       Жуырда Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Филология» бөлімінің оқытушысы Масатова Самал Табылдықызының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті. Бұл іс-шараға Атырау облысы Ауған соғысы ардагерлер Одағы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайыржанов Ғабиден Хатипұлы, Ауған соғысы ардагері, отставкадағы майор Бектелеуов Қамалбек Нұриұлы және Ауған соғысының бір топ ардагерлері Қуанғалиев Бауыржан Нығметұлы,Үлкенбаев Бейімбет Нариманұлы, Баймуханов Миралы Базарбайұлы сонымен бірге облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу кешін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құралай Ғибратжанқызы ашып, 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күнімен құттықтап, осы соғыста және соғыс зардабынан бейбіт өмірде дүниеден озған ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

        Көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып еске алар күн ерекше аталып өтті. Ауған соғысының шығу себептері туралы баяндама оқылып, бейнебаянкөрсетілді. Сұм соғыстың кесапатын сезінген студенттер шынайы қойылым қойып, арнау өлеңдерін айбынды ағаларымызға мәнерлеп оқыды. Көкейіндегі сауалдарын нақты айта отыра, ардагерлерімізден мардымды жауап алды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралған ардагерлеріміз өз басынан кешкен оқиғаларын, оның ішінде қандыкөйлек жолдастарынан айырылудың қандай қиын екенін жас ұрпаққа жеткізіп, хабарсыз кеткен бауырларының амандығын тілейтінін тілге тиек етті. Колледждің 2002 жылғы ұлдарына әскери есепке тіркелген куәлігін салтанатты түрде тапсыруды ардақты ардагерлерімізге ұсынды. Сонымен қатар Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай облыстық «Жас Мерген» сайысына қатысып, жүлделі орын алған студенттер қаһармандарымыздың қолын алып, үлкен мақтанышпен марапатталды.

        Кешіміз патриоттық әндермен жалғасын тауып, соғыс кезін еске түсіріп, автоматты бөлшектеп жинақтау жаттығуын көрсету үшінстуденттермен бірге ардагерлеріміз де аянып қалмады. Кездесу кеші жастардың бойындағы патриоттық сезімді жандырып, тәрбиелік мәні зор іс-шараның біріне айналды. Ерлік-елдің туы, ер қуаты – қару болса, ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Отан үшін күрес, елге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашан да жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал сақтауды ұмытпас. Ендеше, өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген Ауғандық ардагер жауынгерлерімізді қадірлеп, құрметтеу - біздің борышымыз!