Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында коучинг форматында
Колледж жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында коучинг форматында

      Ағымдағы жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында коучинг форматында «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» тақырыбында шара өткізілді.
      Аталған шараның мақсаты - студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және әділдікті, кішіпейілдікті, шыншылдықты, еңбекқорлыққа азаматтылыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу.
      Шара коучинг форматында өткізіліп студенттер мен мұғалімдер 4 топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлық көріністерін қағазға бейнелеу арқылы өз ойларын жеткізіп бір бірімен пікір алмасып шыншылдықты, әділдікті баяндап сонымен қатар, шара барысында колледж психологы К.Түйешіқызы көрермендермен трениг өткізіп, кез келген жағдайда эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу, сыбайластық әрекеттерге жол бермеудің жолдарын психологиялық тұрғыда ойын түрінде өткізді.
      Сондай-ақ шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының бас маманы Өтешова Гаухар Қазиханқызы қатысып, студенттерге Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын түсіндіріп және бейнеролик көрсеті.
       Нәтижесінде белсенді қатысқан студенттерді Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директорының жұмысы жөніндегі орынбасары Доскариева Кұралай Ғибратжанқызы шараны қортындылап алғыс хатпен сыйлықтармен марапаттады.