Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің жатақханасында 24 желтоқсан күні колледж ұстаздары мен қызметкерлерінің балалары және немере – жиендеріне арналған жаңа жылдық шырша
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің жатақханасында 24 желтоқсан күні колледж ұстаздары мен қызметкерлерінің балалары және немере – жиендеріне арналған жаңа жылдық шырша

      Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің жатақханасында 24 желтоқсан күні колледж ұстаздары мен қызметкерлерінің балалары және немере – жиендеріне арналған жаңа жылдық шырша ерекеше әсерде өтті. Мерекелік шара екі мезгілге жоспарланды. Жаңа жыл шыршасына сайқымазақтар, Аяз Ата, Ақшақар, Алдар көсе, Ит, Доңыз, Тазша бала, Мақта қыз бен мысық, Жалмауыз кемпір, Бай, Күлмес ханша кейіпкерлері қатыстырылды.
      Колледждің түрлі біліктілікпен оқып жатырған белсенді студенттерінің қатысуымен өткен шараның жаңа жыл алдындағы мерекелік көңіл күй сыйлауы болды. Сондай-ақ көздің жауын аларлықтай безендірілген зал, әр түрлі ертегі әлемінде киінген кейіпкерлер келген бүлдіршіндерді сергітіп, олардың белсенділіктерін аша білді. Қойылымдары да қазақ ертегілерінен алынған. Күлмес ханшаны күлдірту үшін өтірік өлеңімен келген Тазша бала, мақта қыз бен мысықтың қызық оқиғалары, сайқымазақтардың ойындары, бүлдіршіндердің өнерлері, Алдар көсенің байды алдауы студенттердің асқан шеберліктерімен ойналды. Жаңа жылдың ең негізгі сәні Аяз Ата мен Ақшақар шақырылып, өнер көрсеткен бүлдіршіндеріміз қапқа толған тәттілермен риза болды.
     Осындай шараның белсенді өтуіне ат салысып, сценариін жазған ағылшын тілі пәні оқытушысы, «қуыршақтар» үйірмесінің жетекшісі Д.А.Мурзагалиеваның еңбегінің нәтижесі екенін директордың оқу-тәрбие жұыстары жөніндегі орынбасары К.Г.Доскариева айтып өтті.