Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 2018-2019 оқу жылының желтоқсан айында «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» жобасы
Колледж жаңалықтары

2018-2019 оқу жылының желтоқсан айында «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» жобасы

       Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 2018-2019 оқу жылының желтоқсан айында «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» жобасы бойынша төменде көрсетілгендей жұмыстар атқарылды. 
1. 10 желтоқсан күні оқу – тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары К.Г.Доскариеваның ұйымдастыруымен «Мектеп», «Филология», «Өнер және мәдениет» және «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімдерінің басшыларымен біріккен «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» жобасы жөнінде Атырау Облыстық Білім Беру Басқармасынан 10 желтоқсан күнікеліп түскен № 15-5-17/356 хатымен ақпараттандыру және алдағы уақытта аталған жобаны қолға алып жұмыс жасау жөнінде жоспарлар жасақталып, жиналыс болып өтті.
2. Барлық бөлім басшылары өз бөлімдеріндегі топ жетекшілерді жинап, «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» жобасына байланысты студенттерге түсіндірме жұмыстарын нәтижелі жүргізу, «Адал дүкенінен» саналы түрде сауда жасаудың астарлы мағынасын түсіндіру керек екенін түсіндірді. 
Нәтижесінде колледждің «Филология» бөлімінен арнайы осы жобаны қолдау үшін кабинет ашып, «SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAQ» баннерін жасақтап, ЛЭД экраннан сыбайлас жемқорлыққа байланысты студенттердің қатысуымен түсірілген видеоны үздіксіз көрсетіп, «Адал дүкенін» ұйымдастырған болатынбыз. «Адал дүкенге» колледждің барлық бөлімдерінде оқып жатырған студенттердің өз қолдарынан арнап пісірген дәмді әрі сапалы тағамдары сатушының қатысуынсыз, яғни сатылды. Күн соңында түскен ақшаны санағанда студенттердің сауданы адал жасағанына куә болдық. Түскен қаражат студенттердің өздеріне қайтарылды. «Колледж қабырғасында алғаш ұйымдастырылып отырса да, бұл шара желтоқсан айының 24 нен 28 күндері аралығында сәтті жүзеге асқаны – топ жетекшілердің студенттерге түсіндірме жұмыстарын сапалы жүргізгендерінің нәтижесі және бөлім басшыларының ұжымды дұрыс ұйымдастыра алудағы еңбектерінде»- дейді директордың оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Г.Доскариева. 
        Шараны бұқаралық ақпарат құралдарына шығару мақсатында «Атырау» телевидениесі мен «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінен тілшілер шақыртылған болатын. «Прикаспийская коммуна» газетінен тілші Марина Куанышева келіп, шара жұмысының жемісті жүріп жатырғанына куә болып, «адал дүкеннен сауда жасаған студенттен сұхбат алған болатын. 
               Сондай-ақ, осы аталған жоба бойынша «АДАЛДЫҚ БҰРЫШЫ» 2018 жылы 24 -25 желтоқсан күндері «Мектеп» бөліміндегі «Бастауыш білімберу мұғалімі» біліктілігімен оқып жатырған 1(11) б тобының топ жетекшісі Каленова Армангуль Аскаровнаның белсенділігімен ұйымдастырылды. «Адалдықбұрышынан» түскен қаржы түгелімен «Харекет» қайырымдылық қорына ЖСН720208401907, КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866 аударылды.