Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Мектеп бөлімі» ұйымдастыруымен «Мен саған ризамын, қазақ елі!» атты 1- наурыз Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара
Колледж жаңалықтары

«Мектеп бөлімі» ұйымдастыруымен «Мен саған ризамын, қазақ елі!» атты 1- наурыз Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара

      Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде  «Мектеп бөлімі» ұйымдастыруымен  «Мен саған ризамын, қазақ елі!»  атты 1- наурыз Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Шараның өтуіне мұрындық болған 1/9/е тобы  және жетекшісі Гулбаршын Самигуллаевна Ералинаға алғыс айтамыз.
     Мерекелік шараға  Атырау облыстық  Қазақстан халықтар достығы Ассамблеясының  татар - башқұрт этно мәденибірлестігінің өкілдері қатысып, 1920-1940 жылдар аралығында Қазақстан территориясына өзге ұлттарды күштеп қоныс аудару кезінде тап болғандарын, ата жұрттан ажырап қалсада Қазақ елі құшақ жая қарсы алып, өз отбастарына қабылдап кейін аяқтан тұрып кетулеріне себепші  болғанын көздеріне жас ала еске алып, қазақ еліне шексіз алғыстарын айтты. Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, кейбір отбасы өз балаларын соғыста жоғалтып, өзгенің баласын бауырына басқан, жүрегі кең, дастарханы мол, қазақтың бауырмалдылығы арқасында  жазықсыз Отанынан айырылған бірнеше ұлт балалары  біздің жерімізде, қазақы отбасында тәрбиеленіп, қазіргі Тәуелсіз ҚАЗАҚСТАННЫҢ  білім, мәдениет, медицина, өнеркәсіпте, жеке кәсіпкерлікте өз үлестерін қосып келеді.
        Бізде бір ОТАН – ол ҚАЗАҚСТАН  деп соғады  олардың жүректері!