Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 018-2019 оқу жылындағы студенттер күніне арналған мерекелік шара «Жайна, жігерлі жастығым!»
Колледж жаңалықтары

018-2019 оқу жылындағы студенттер күніне арналған мерекелік шара «Жайна, жігерлі жастығым!»

      Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 2018-2019 оқу жылындағы студенттер күніне арналған мерекелік шара «Жайна, жігерлі жастығым!» деген атпен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде 19 қараша күні аталып өтті.
         Мерекелік шара колледж студенттерінің актерлік шеберліктерімен қойылған қойылыммен және «Өнер» бөлімінде оқитын студенттерден құрылған вальс биімен ашылды. Кеш үш тілде жүргізілді. Биылғы жылы студент атанған 1 - курстық 361 студентке сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер табысталды. Колледждің қоғамдық - тәрбие шараларында және пәндік олимпиада жарыстарында, түрлі спорттық сайыстарда белсенділік танытқан студенттер Директордың, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының, «Жас Отан» жастар қанаты филиалының, Атырау Облысы Жастар Саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.           

        Мерекелік кешке колледж түлектері де студенттерді құттықтап келіп, түрлі номинациялар табыстады.