Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «Білім шаhары шақырады» атты алғашқы қоңырау салтанатты шарасы.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «Білім шаhары шақырады» атты алғашқы қоңырау салтанатты шарасы.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1 қыркүйек білім күніне орай «Білім шаhары шақырады» атты алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Ғылым мен білімнің, игілік пен ізгіліктің киелі ордасына айналған, өңіріміздегі халық ағарту саласы бойынша тарихы тереңге бойлаған бірден - бір оқу орны, кәсіби білімнің қасиетті қара шаңырағы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне биылғы оқу жылында 262 студент 10 мамандық бойынша қабылданды.

Шараға колледжіміздің ардагер ұстаздары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Б.Қ.Тыныбаева, ардагерлер ұйымының төрайымы З.Қ.Сатқаева қатынасып, жылы лебіздерін білдіріп ұстаздарымызға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің марапаттарын табыстады. Шараны директордың міндетін атқарушы Г.Б Каментаева ашып, құттықтау сөз сөйледі.