Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Адалдық сағаты»ұйымдастырылды.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Адалдық сағаты»ұйымдастырылды.

2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялануына орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде  өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында колледжімізде ағымдағы жылдың 2-ші қыркүйегінде бірыңғай «Адалдық сағаты»ұйымдастырылды.

Аталған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы мен жеке құрамдары және «Адалдық сағатына» лектор «Қазақстан коммунистік халық партиясы» Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы - Даулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы қатысты.