Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен танысты.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен танысты.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен танысты.
«Тәрбие» бөлімі және колледждің әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің оқытушылары жетекшілік еткен шарада мемлекет басшысының Жолдауда айтылған табысты экономикалық реформаларды іске асыру бағытындағы өзекті мәселеге тоқталды.
Алғашқы сөз кезегін алған әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің оқытушысы М.Нұртазина «Заман талабына сай тиімді мемлекет» бөлімі бойынша өз ойын ортаға салды. «Жас ұрпақтық саяси патриотизм түсінігін тәрбиелеу, қоғамға, адамдарға, заңдарға құрметпен қарау, қадірлеу сезімінде тәрбиелеу бүгінгі педагогикалық ұжымның басты бағыттарының бірі болып қала береді», - деген ойын түйіндеді. Әсіресе, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстар еліміздің дамуына өз үлесін қосатындығын атап көрсетті. Сонымен қатар Тарих пәнінің оқытушылары Ж.Шанбаева, Кулбалиева С.Ж., Садыкова А. жолдаудың басқа тараулары бойынша нақты түсінік жұмыстарын жүргізіп, одан туындайтын міндеттер туралы бағыттарға ұсыныстарын білдірді.