Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде"Сот төрелігіндегі жаңашылдықтар" тақырыбында кездесу
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде"Сот төрелігіндегі жаңашылдықтар" тақырыбында кездесу

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлескен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде"Сот төрелігіндегі жаңашылдықтар" тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Елюбаева,кеңсе меңгерушісі Ж.Қиярова және Атамекен кәсіпкерлер палатасының сарапшысы О.Рзабеков қатысты.
Шарада судья А.Елюбаева сот жүйесін жаңғырту қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болатынын атап өтті. Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып жатырғандығын,қазіргі уақытта сот жүйесінде "Сот кабинеті электронды сервисі, сот процестерінің АББ, вертуалды сот, Түнгі сот, сондай-ақ соттардағы фронт-кеңселердің жұмыстары туралы айтты.
Іс-шара соңында қатысушы студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Студенттер өз кезегінде сот жүйесіндегі жаңашылдықтармен танысқандары үшін алғыстарын білдірді.