«Жер –біздің ортақ үйіміз» атты театрландырылған қойылымдар байқауы
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен, арнаулы техникалық оқу орындары арасында «Жер –біздің ортақ үйіміз»атты театрландырылған қойылымдар байқауында колледж жанынан құрылған «Twinkle» актерлық клубы бас жүлдені жеңіп алды. Шын жүрекпен құттықтай отырып, студенттерімізге алдағы уақытта үлкен жеңістер тілейміз.