Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Жаңғыру жазудан басталады» атты семинары
Колледж жаңалықтары

«Жаңғыру жазудан басталады» атты семинары

БІРЛЕСТІКТЕГІ БӘЙГЕЛІ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде алдыңғы аптада Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы жоспарына сай «Жаңғыру жазудан басталады» атты семинар колледж әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен дөңгелек үстел формасында өтті. Шараны колледждің директоры міндетін уақытша атқарушы Г.Б.Каментаава, Облыстық әдістемелік орталық маманы Ж.М.Қапсиық сөйлеп ашты. Облыстағы әр колледж педагогтарының сындарлы баяндамаларын тыңдалды:
Масатова С. Т. – Қ.Дүтбаева гуманитарлық колледжі «Жаңа әліпби- жаңа тарих » Шұлғаубаева Г. Ш.-Атырау көлік және коммуникация колледжі« Жаңа заман талабы- латын жазуымен жаңғыру» Тұрақбаева Б. С. – О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжі « Жазу – адамзат қоғамы Жасаған мәдениеттің биік шыңы» Өмірханова Л. А. – Атырау индустралды колледжі «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» Орынбасаров Р. А. – Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі «Латын әліпбиіне көшу- әлемдік өркениетке бастар қадам») Қатысушыларды сергіту үшін колледждің педагогика, психология оқытушысы А.Т.Утебалиева тренинг өткізді. 
Кейіннен қатысушылар еркін өз ойларымен бөлісті, студенттердің көкейкесті сұрақтарына тіл мамандары тұщымды жауап берді. Колледж ұстаздары: Самал Табылдықызы, Гүлжайнар Нығметқызының латын графикасына көшу туралы білдірген пікірлері өте құнды әрі отырғандардың қызығушылығын оятты. Шара соңын колледж директорының оқу әдістеме орынбасары Г.Қыздарбайқызы қорытындылады. Семинардың өз деңгейінде өтуіне жауапты болған- қазақ тілі мен орыс тілі пән бірлестік мүшелері.