Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Теория мен тәжірибе тұтастығы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинары
Колледж жаңалықтары

«Теория мен тәжірибе тұтастығы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинары

"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп тұңғыш Елбасымыз айтқандай, мұғалім мәртебесі мен дәрежесі әрқашан биік тұрады. «Мектеп» бөлімі 4 курс студенттері уйымдастыруымен «Теория мен тәжірибе тұтастығы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинардың мақсаты болашақ жас маман, бүгінгі машықкердің шығармашылық мүмкіндігін аша отырып, теориялық және тәжірибелік білімдерін ұштастыра байқау арқылы, педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелеріне қол жеткізу.3 мектеп-гимназиясы мұғалімдері келді. Бастауыш сынып меңгерушісі: Дюсенбаева Мәдениет Макуовна.  Бірлестік жетекшісі: Умбеталиева Айгуль Бисенбаевна; Ташекенова Гүлдана Ерсайынқызы. Бастауыш білім беру мұғалімі: Кабирова Айсұлу Муслимовна. Директордын өндірістік тәжірибе жетекшісі Муксиева Нургул Еділкызы жане Мектеп бөлім Менгерушісі Оңғарсынова Нұргүл Қадимкызы катынасты. Алғашқы «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" тәжірибесін таныстыратын 2(9)Е, 2(9)Б, 2(9)МТ, 1(11)Б топ студенттері, 4(9)Е тобы «Жазғы педагогикалық тәжірибе",  4(9)Б тобы «Баланың мектептегі алғашқы күні", 4(9)М тобы «Байқау және бақылау тәжірибесі" туралы корытынды есептері тыңдалды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығары сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші- ұстаз. Дәлірек айтсақ, бүгінгі студент- ертеңгі жас маман, болашақ тәжірибелі мұғалім. Семинар сонында конақтарга естелік сыйлықтармен, машықкерлерге алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырушылар: Халдыбаева Марал Хадимкызы, Досмагамбетова Гулжан Асхаткызы, Сатыбалдиева Мендиханым Насибуловна.