Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Мұнайлы өлкенің-шырайлы бейнесі" атты жылжымалы көрме дәріс сағаты
Колледж жаңалықтары

"Мұнайлы өлкенің-шырайлы бейнесі" атты жылжымалы көрме дәріс сағаты

14 қараша күні колледжімізде апталық жұмыс жоспарына сәйкес Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейінің "Мұнайлы өлкенің-шырайлы бейнесі" атты жылжымалы көрме дәріс сағаты болды. Екі ұжым арасындағы серіктестік байланыстың тағы бір дәлелі ретінде өткен қалада музей әкімшілігіне колледж директорының Алғыс хаты табысталды. Жергілікті өнер шеберлерінің туындылары туралы музей қызметкері Асел Жексенбайқызы әсерлі де әдемі баяндап берді. Жылжымалы көрме жасауға үлкен қолдау көрсеткен музей басшысы, өнердің шынайы жанашыры Төлеген Орынбасарұлына ұжым атынан зор ыкыласымызды білдіреміз. Көрме дәріс сағаты өте әсерлі өтті.