Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Көңіл - күйі жақсы ұстаздың, еңбегі де жемісті" тақырыбында психологиялық кеш
Колледж жаңалықтары

«Көңіл - күйі жақсы ұстаздың, еңбегі де жемісті" тақырыбында психологиялық кеш

«Мұғалімдік мамандық»-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деп К.Д.Ушинский айтпақшы, мұғалімдерді психологиялық ахуалын жаңартуға, жағымды қарым-қатынас жасауға байланысты.
18.11.19 – 28.11.19 "Педагогика, психология,өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі" пәні бірлестігінің апталығының ашылуына орай, "Сенім жас психологтар" үйірмесінің «Көңіл - күйі жақсы ұстаздың, еңбегі де жемісті" тақырыбында психологиялық кеш болып өтті. Бірлестік жетекшісі Утебалиева Айжан Темірғалиқызы сөз алып, үйірме жетекшісі Шыныбаева Аягөз Оңдасынқызы шараны одан әрі жалғастырды. Шара барысында қызықты ойындар мен тренингтер болды. Үйірме қатынасушылары, колледжіміздің студенттері де белсенділік танытты. Шара соңында директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Баймұханова Г.Қ әсерімен бөлісті.