Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалы төарағасы Гилажев Ринат Маратұлымен кездесу
Колледж жаңалықтары

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалы төарағасы Гилажев Ринат Маратұлымен кездесу

18 қараша Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Жастар жылына байланысты Атырау облыстық «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалымен бірлескен жастардың рухын көтеру, патриоттық тәрбие, кәсіпкерлікке деген қызығушылығын ояту мақсатында Қалалық маслихат депутаты, «Халықтың сүйіктісі-2018» ұлттық премиясының иегері , «Сазанқұрақ»ЖШС бас директоры Семгалиев Алибек Аманжанұлы , «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалы төарағасы Гилажев Ринат Маратұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Меценат өзінің жетістікке жеткен тәжірибесімен бөлісіп,сонымен қатар жас спортшыларды қолдау, бизнес бастауға қатысты көптеген сауалдар қозғады, ең жақсы сұрақ қоюшы білім алушыларымызға кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында көркемшығармалар табыстады. Кездесу соңында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С Кабделова, директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Г.Қ.Баймуханова ,"Өнер және мәдениет" бөлімінің меңгерушісі Д.Қ.Салимов келген қонақтарға ризашылық білдірді.