Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 2019 жылғы 19 қарашада Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен Сыбайлас жемқорлық әдеби жанрындағы жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті.
Колледж жаңалықтары

2019 жылғы 19 қарашада Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен Сыбайлас жемқорлық әдеби жанрындағы жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті.

2019 жылғы 19 қарашада Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен Сыбайлас жемқорлық әдеби жанрындағы жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Төлешов Рафаэль Салешұлы қатысып,жастарды адалдық,парасаттылық,қоғамға адал қызмет етуге шақырды.Жазушы өз шығармашылығы туралы айта келе жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет арқылы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача» және «Степь и судьба» кітаптарының авторы шығармаларында өзі тап болған әлеуметтік мәселелер мен өмірлік жағдайлар сипатталатынын айтты.
Жазушы сондай-ақ өнер, оның ішінде әдеби құралдар мен фильмдер арқылы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметі мен өз тағдырын Отанға қызмет етумен байланыстырған қызметкерлер өмірін дәріптеу қажеттігін жеткізді.
Директордың м.а Г.Б.Каментаева , «Өнер және Мәдениет» бөлімінің меңгерушісі Д.Қ.Салимов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көркем шығармалардың жетіспеушілігін атап, жазушыға парасаттылық, еңбекқорлық, адалдық пен әділдік сынды әдептілік қасиеттері мен адамгершілік құндылықтарын насихаттауға қосып жатырған үлесіне алғыс білдірді.
Жазушы шығармаларында көтеріліп отырған мәселелерге ұстаздар мен студенттер қызығушылық танытып, шара қонағымен ашық диалог барысында Жан Ақжанов адам бойында адамгершілік қасиеттерін жетілдіру жолдары туралы ой-тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында автограф сессия ұйымдастырылып, жазушы кездесуге қатысушыларға бірнеше дана кітабын тарту етті.