Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Кәсіпті таңдау-нәсіпті таңдау"тақырыбында тәрбиелік шара
Колледж жаңалықтары

"Кәсіпті таңдау-нәсіпті таңдау"тақырыбында тәрбиелік шара

2019 жылдың 15қараша күні А.А.Берікқызының ұйымдастыруымен 4 (9)в топ студенттері "Кәсіпті таңдау-нәсіпті таңдау"тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты-студенттің жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Тәрбиелік шара барысында студенттер әр мамандықтың маңыздылығы туралы айта келіп, әр кәсіптің киім үлгілерін көрсете білді. Кәсіпті таңдау-үлкен жауапкершілік және маңызды іс. Себебі,мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қабілетіне,қалауына сүйену қажет. 4(9)в топ студенттері кәсіпті таңдаудың адам өмірінде маңызы зор екендігін жақсы түсіндіре білді. Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кабделова сөз сөйлеп, студенттерге ризашылығын білдірді.