Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, қазақ поэзиясын әлемге танытқан қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың 175 жылдық мерей
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, қазақ поэзиясын әлемге танытқан қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың 175 жылдық мерей

2019 жылдың 20 қарашасында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, қазақ поэзиясын әлемге танытқан қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – өркениет тарихындағы ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке Х.Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі және әдебиет кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қадыр Өтегенұлы Жүсіп, Облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Жайкина Нұргүл Орынбасарқызы, “Smart English” оқу орталығының оқытушысы Джан Ван Гелден және колледж ұстаздары мен студенттері қатынасты.
Кешіміз сахналық қойылыммен басталып, онда хакім Абайдың дүниеге келу сәті көрсетілді.
Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын жастарымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Осы мақсатта білім алып жатқан бөлімнің студенттері ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, үш тілде жатқа оқыды.
Абайдың жас кезіне көз жіберсек, басқалар секілді ол да ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады, махаббаттың ыстық-суығына күйіп, жақсы-жаманын тартты. Қосыла алмаған Абай мен Тоғжанның ыстық махаббаты, бір-біріне деген риясыз сүйіспеншілігі сахналық қойылыммен шебер сомдалды.
Абайдың сазгерлік қырын танытуда «Қөзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» ғашықтық тақырыбындағы әсем әндері әуелете шырқалып, тыңдармандар жүрегінен орын тапты.
Абай – шебер аудармашы ретінде Крыловтың «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа» «Қарға мен ірімшік» мысалдары үш тілде сахналанды. Өз халқын мәдени, рухани жағынан кемелдендіру үшін оған жаңа негіздер, жаңа ұстанымдар, тың көзқарастар керек болып, Абай өзінің «Қарасөздерін» жазған еді. Кеш барысында студенттер ақынның қарасөздерін үш тілде жатқа айтты. Сондай-ақ бөлімнің жас ақындары Абайға арнаған арнау өлеңдерін оқып, кештің маңыздылығын арттырды.Кештің тағы бір ерекшелігі бөлім оқытушыларының ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен айтуы өте әсерлі шықты.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасай бермек!