Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Әл-Фараби және оның рухани мұрасы" атты колледжішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Колледж жаңалықтары

"Әл-Фараби және оның рухани мұрасы" атты колледжішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

"Педагогика,психология,өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі" пән бірлестігінің апталығында Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткізілген "Әл-Фараби және оның рухани мұрасы" атты колледжішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру.
Конференцияны ашу үшін алғашқы сөзді Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары – Баймуханова Гүлжан Қыздарбайқызына берілді.
Тың деректермен, өз ізденістерімен бүгінгі тақырыпты кеңірек ашуға ат салысатын колледжіміздің студенттері мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізді:
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері.
Модераторлар: Утебалиева Айжан Темірғалиқызы – жоғары санатты, педагогика-психология пәні оқытушысы,бірлестік жетекшісі.
Шыныбаева Аягөз Оңдасынқызы – педагогика-психология оқытушысы
2.Әбу Насыр әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі.
Модераторлар: Асқарова Армангүл Қаленқызы – педагогика-психология пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Досмағамбетова Гүлжан Асхатқызы – педагогика-психология пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Бұл аталған тақырыптар бойынша 41 студент өздерінің дайындаған баяндамаларымен таныстырып, слайд арқылы ашып көрсетті. Студенттердің кемшіліктері мен жақсы жақтарын жетекшілері бақылып, өз пікірлерін білдірді. Барлық студенттерді "Педагогика, психология, өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі" пән бірлестігінің жетекшісі Утебалиева Айжан Темірғалиқызы сертификатпен және жетекшілерді алғыс хаттармен марапаттады.
Конференция ұйымдастырушылары: Досмағамбетова Гүлжан Асхатқызы Шыныбаева Аягөз Оңдасынқызы