Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 1 - желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақ Жайықтың көшбасшы қызы, педагогика ғылымдарының магистрі, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Қарабаева Айжан Сарсенқызымен «Өткені – өнеге, іргесі - ізгілік, керегесі - кемел» тақырыбында «Жүзб
Колледж жаңалықтары

1 - желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақ Жайықтың көшбасшы қызы, педагогика ғылымдарының магистрі, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Қарабаева Айжан Сарсенқызымен «Өткені – өнеге, іргесі - ізгілік, керегесі - кемел» тақырыбында «Жүзб

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы («Көшбасшылық сабағы» атты жетістікке жеткен танымал тұлғаның қатысуымен шара) бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жас буын өкілдерін халықтың игі дәстүрінен тәлім алу және елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына дарыту мақсатында 1 - желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақ Жайықтың көшбасшы қызы, педагогика ғылымдарының магистрі, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Қарабаева Айжан Сарсенқызымен «Өткені – өнеге, іргесі - ізгілік, керегесі - кемел» тақырыбында «Жүзбе-жүз» кездесу кеші өтті.
Айжан Сарсенқызы алғаш еңбек жолын Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінде оқытушысы, «Асар» РП РҚБ облыстық филиалында сектор меңгерушісі, хатшы, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, қазіргі таңда Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры қызметін атқаруда.
«Қорықсаң істі бастама, бастаған істі тастама» деген Шыңғыс ханның қанатты сөзі ұстанымымен білім мен біліктілігін таныта да білді. Ж.Баласағұн атындағы Ұлттық мемлекеттік университетінде ғылыми ізденуші болып жүріп, халықаралық, республикалық, аймақтық басылымдарында жарияланған 20 шақты еңбектері, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іс қағаздарын рәсімдеу» атты әдістемелік құралы, «Педагогтардың шеберлігін, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру», «Педагогикалық шеберлік» атты электрондық оқу-әдістемелік кешендері, «Ұлттық код – рухани болмыс кілті» атты тағылымдық дәрістер жинағы, «Тағылым», «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарында шығармашылық жұмыстары жарық көріп, тәжірибесі таратылды.
Айжан Сарсенқызы өзі іскерлік, ұйымдастырушылық, көшбасшылық, ұстамдылық, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділігімен студенттер кәсіподақ ұйымы төрайымы, Атырау облыстық мәслихат депутаты, мәслихат депутаттары фракциясының жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП АОФ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, «Балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері» ассоциациясының төрайымы, «Қазақстан болашағы үшін» жастар қоғамдық кеңесі қозғалысының көшбасшысы, Атырау облысы әкімінің жанындағы «Отбасы және гендерлік саясат» комиссиясының мүшесі, ІІІ Еуразиялық әйелдер саммитінің және «Нұр Отан» ХДП ХVсъезінің делегаты болды. Мәскеу қаласында шығарылған «Успешные люди» энциклопедиясына, «Атырау арулары» энциклопедиясына есімі енгізілді. «ҚР Тәуелсіздігіне -10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20 жыл», ҚР Іскер Әйелдер Қауымдастығының 20 жылдығына орай «Қоғам игілігі және қазақ әйелдерінің қоғамдағы ролін арттырудағы ерен еңбегіңіз үшін» мерейтойлық медальдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері», ҚР Азаматтық «SKILLS ACADEMY» ЖШС-нің «Қазақстан ұстазы» төсбелгілеріне ие болғандығы - тапжылмас еңбектің айғағы.
Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері Қоғам қайраткері, геология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының төрайымы Айтиева Нұрлы Тельманқызы, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы, үзеңгілес досы Шалабаева Нәсіп, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, «Алтын қалам», «Үркер-үміт» әдеби байқауларының жүлдегері, ақын Бақтыгүл Бабаш пен Әлия Даулетбаева кездесуге шақырылды.
Кеш барысында ой қозғалып, болашақ мамандар мен колледж ұстаздары Ақ Жайықтың көшін бастаған арулардың бірі Айжан Сарсенқызының өнегелі өмір жолдарымен, ізгілікті қызметтерімен танысты.Қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынованың ақын шәкірттері Бақытгүл Бабаш пен Әлия Даулетбаева сырлас досына, қазақ аруларына, туған өлкеміз Атырауға арнаған жырларын оқыды. Кездесуде әндер шырқалып, би биленді, ұстаздарға арналған әдемі әзілдер де орын алды. Кеш соңында Айжан Сарсенқызы Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Айша бибі» әнін нақышына келтіріп шырқады. Тамаша, әсерлі, көп ой түйген тағылымды кездесу болды.