Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 2019ж 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Жүректілік – ержігіттің еншісі» атты Республикаға,иоблысқа белгілі спорт жаттықтырушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Колледж жаңалықтары

2019ж 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Жүректілік – ержігіттің еншісі» атты Республикаға,иоблысқа белгілі спорт жаттықтырушыларымен дөңгелек үстел өтті.

 29 қараша 2019ж 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Жүректілік – ержігіттің еншісі» атты Республикаға,облысқа белгілі спорт жаттықтырушыларымен дөңгелек үстел өтті.
1. Киздарбаев Аманбай Киздарбайұлы – ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Атырау облысы Мүгедектер спорт клубының директоры.
2. Төребаев Бауыржан Қабдрахманұлы – Таэквандодан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы.
3. Избасқанов Болат Павлович – Әлем кубогінің иегері,спорт шебері,қара белбеу 4-ші дан ,Атырау облысында каратэ-до дан аға жаттықтырушы.
4. Турганова Венера Багиткалиевна – Халықаралық дәрежедегі Қара белбеу 3- дан Каратэ жаттықтырушысы, Ушу ,Кунг-Фу, Әлем чемпионы Азияның 2 дүркін чемпионы, Европа чемпионатының күміс жүлдегері.
5. Шайхиев Нұрлан Ерсайынұлы – Атырау облысы бойынша Айкидо Айкикай федерациясының президенті – негізін қалаушы, 4-дан қара белбеу иегері, Қазақстандағы Винчун – Кунфу Қытай жекпе-жегі Эмин Бозтеп мектебінің Қазақстандағы арнайы өкілі , орталығы – Атырау қаласы. Ресей, Чехия, Түркия, Жапония,Армения секілді елдердің халықаралық семинарларга қатынасушы, колледж ұстазы.
Спорт рухы биік жандардың таңдауы. Спорт қиындығы мол,қателігі бар,міндетті, ауыр, ұзақ жол,бірімізге қымбат, бірімізге жұмбақ осы мамандық иелерімен кездесу болашақ «Спорт жаттықтырушысы және оқытушысы» мамандығының білімалушыларына үлкен сенім, үлкен шабыт туғызғаны ақиқат.Өскелең ұрпақты
спортпен шұғылдануға насихат жасап, салауатты өмір салтына жол салып жүрген, маман жаттықтырушылармен, спорт жұлдыздарымен бетпе- бет кездесу колледж білімалушыларына серпін, мамандыққа деген қызығушылық туғызды.