Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінде Ұлы даланың 10 аймағынан білімді және болашаққа сенімі мол жастар Орал қаласында бас қост
Колледж жаңалықтары

«ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінде Ұлы даланың 10 аймағынан білімді және болашаққа сенімі мол жастар Орал қаласында бас қост

«ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінде Ұлы даланың 10 аймағынан білімді және болашаққа сенімі мол жастар Орал қаласында бас қосты. Аталмыш турнирге Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі жанынан ашылған "Эверест" дебат клубының пікірсайысшылары, колледжіміздің 2-3 курс студенттері Бақыбаев Алмат,Нұрлыбек Шаxризада,Меркебаева Меруерт қатысып белсенділік көрсетті. Атырау өңірінің сантүрлі өзге оқу орындарының пікірсайысшыларымен бірге турнирді жоғары дәрежеде өтуіне ат салысып,студенттеріміз 10аймақ арасынан "Үздік делегация"атағын алып,арнайы диплом ,кубокпен марапатталды.Турнир барысында Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруде бүгінгі заманда трендке айналған өнердің бірі комикс сюжеттерін пайдаланудың маңыздылығы қызу талқыға түсіп, келер жылдың "Еріктілер жылы" деп жариялануына байланысты, бұл тақырыпқа молынан көңіл бөлініп студенттер тарапынан көптеген идея айтылды, сонымен бірге әлемдік аренадағы экономика және спорт салалары жайлы да ой талқылар болды.
Бұл турнир студенттеріміз үшін үлкен тәжірибе мен толассыз білім сыйлағанына сенімдіміз!