"Өнер және мәдениет" бөлімінің ұйымдастыруымен "Қыз бүгінгі төрдің сәні, ертеңгі босағаның бағы" атты тәрбие шарасы өтті.
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі "Өнер және мәдениет" бөлімінің ұйымдастыруымен "Қыз бүгінгі төрдің сәні, ертеңгі босағаның бағы" атты тәрбие шарасы өтті. Шара қонақтары еңбек ардагері, "Құрмет" орденінің иегері, Х. Досмұхамедов атындағы АУМ ғалым хатшысы Б. Қ. Тыныбаева, отбасылық психолог, ардагер ұстаз, "Берік ұя" қоғамдық қорының төрайымы Ғ.Т.Сұлтанова, "Аналар үндестігі" үкіметтің емес ұйымының басшысы Г. Х. Биташева, "Ақпарат саласының үздігі", Облыстық" "Атырау" газетінің әдеби редакторы Б. А. Жанұзақова. Шара барысында қоғамдағы қыз тәрбиесі хақында тағылымды әңгіме өрбіді. Шара барысында әсерлі әңгіме, сұрақ жауап ретінде ашық әңгіме арқау болды. Шара соңында белсенді жастар марапатталды. Әсем әнмен өрнектеліп, жастар үшін тағылымды да рухани азық алатын тәрбиелік шара болды.