Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 16 – желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалымен бірлескен «Тұғырлы елдің – туы биік» атты салтанатты шара өтті.
Колледж жаңалықтары

16 – желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалымен бірлескен «Тұғырлы елдің – туы биік» атты салтанатты шара өтті.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 16 – желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жас отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалымен бірлескен «Тұғырлы елдің – туы биік» атты салтанатты шара өтті. 1991 жылы 16 желтоқсан тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік қалары анық. Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Шараны колледж директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Г.Қыздарбайқызы ашып берді. «Қайсар рухты ел» тақырыбында Республикалық «Үздік педагог – 2019» байқау жеңімпазы Құлбалиева Салима баяндама оқыды. Колледждің білімді, белсенді ұстаздары Қарабәлі Смағұл, Мағазова Жанар, Жолаев Мәлік, Өтебай Айғаным ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, Нуртазина Насип, Утемисова Айнур ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен бірге Атырау Облыстық «Нұр Отан» партия ұйымының, колледж директорының алғыс хаттары колледж ұстаздары мен қызметкерлеріне табыс етілді.
Осы тойды колледж ұстаздары да бар шын ниет, тілектерімен қарсы алып, студенттердің ұйымдастырылған концертін тамашалап, «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының өкілі Тургалиева Жадыра Нұрбекқызы белсенді студенттерімізді марапаттап, жақсы көңіл күйде тарқасты.