Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Великие люди - большое внимание"
Колледж жаңалықтары

"Великие люди - большое внимание"

2020 – жылдың бекітілген жоспарына сәйкес, қаңтар айының 27 – ші жұлдызында сағат 15.00 – де Жұмыскер мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, аудармашы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты әдеби – музыкалық кеш болып өтті. Аталған шараға арнайы қонақ ретінде: Қазақ СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, әйелдер кеңесінің төрайымы – Кемелбаева Ахау Тастемірқызы келіп қатысты. Кемелбаева Ахау Тастемірқызы колледж студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізіп, Абайдың өмірі туралы қысқаша мәлімдеме оқыды. Әдеби – музыкалық кеш Жұмыскер мәдениет үйі көркем өнерпаздарының концертімен ұласты.
Өнер көрсеткендер: Рза Нұрмағамбетова, «Жанарым» би ансамблі, Азэль Рустамқызы, Жаннүр Жанаева, Эльназ Мухиденова.