Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Кәсіптік білім берудегі инновациялық үдеріс тәжірибе мен даму жолдары» тақырыбындағы панорамалық сабақ байқауы
Колледж жаңалықтары

«Кәсіптік білім берудегі инновациялық үдеріс тәжірибе мен даму жолдары» тақырыбындағы панорамалық сабақ байқауы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, қәзіргі таңда әрбір тұлғаның өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі орасан зор. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жылдық жұмыс жоспарға сай колледж оқытушыларының білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыру, кәсіптік білім деңгейлерін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында «Кәсіптік білім берудегі инновациялық үдеріс тәжірибе мен даму жолдары» тақырыбындағы панорамалық сабақ байқауы өз дәрежесінде өтілді. Байқауға 11 оқытушы қатынаса отырып, уақытты тиімді пайдаланау, байқау критерийлеріне сәйкес жұмыстар орындалып, тәжірибе алмасу болды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - Карабалин С.Т - бейнелеу және сызу, АӘД пәні оқытушысы, І – орын Сабитова Ш.М – математика,информатика,физика пәні оқытушысы, ІІ- орын Құлбалиева С. Ж -әлеуметтік-экономикалық пәндері оқытушысы, Нургалиева Н.С - мектепке дейінгі тәрбие бірлестік оқытушысы, ІІІ –орын Оспанова Р.О – география пәні оқытушысы, Садыкова Б.Т – орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, Ақтажиева М.Е - қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, Алғыс хат - Изимова Г.Н - педагогика-психология пәні оқытушысы, Ильясова Р.Н - ағылшын тілі пәні оқытушысы, Рашитова Г.М - ағылшын тілі пәні оқытушысы, Мендыгалиева Г.К – Музыка пән оқытушысы марапатталды
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалай отырып, сіздерге шығармашылық табыс, Ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз арта берсін!