Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Жаңаша оқыту: жаңа идеялар, жүйелі үдерістер, шебер тәжірибе" тақырыбында "Педагогикалық оқу - 2020" байқауы
Колледж жаңалықтары

"Жаңаша оқыту: жаңа идеялар, жүйелі үдерістер, шебер тәжірибе" тақырыбында "Педагогикалық оқу - 2020" байқауы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Əдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен "Жаңаша оқыту: жаңа идеялар, жүйелі үдерістер, шебер тәжірибе" тақырыбында "Педагогикалық оқу - 2020" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:
- білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, тарату.
Байқауға қатысушы оқытушылар педагогикалық қызметтің басты мақсаты - жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану, білім алушыға тиянақты білім беру екенін басшылыққа ала отырып, өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен, жеткен жетістіктерімен, нəтижелерімен бөлісті.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - педагогика пəн оқытушысы Асқарова А.Қ., I орын - қазақ тілі мен əдебиеті пəн оқытушысы Масатова С.Т., II орын - тарих пəн оқытушысы Садықова А.Ə., информатика пəн оқытушысы Құлшариева С.С., III орын - хореография пəн оқытушысы Жидкова А.А., ағылшын пəн оқытушысы Исенгариева Р.Қ., Бектемирова А.С марапатталды. Оқытушыларға шығармашылық табыс, алға қойған мақсаттарына жетуде шалқар шабыт тілейміз.