Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Қолғанат» еріктілер ұйымы
Колледж жаңалықтары

«Қолғанат» еріктілер ұйымы

2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялануына орай, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін студенттерден құралған «Қолғанат» еріктілер ұйымы құрылып, 10 ақпан 2020 жылы ашылу салтанаты өтті. Салтанатты кешті колледж директорының м.у.а. Г.Каментаева ашып, еріктілерге сәттілік тіледі. Бұл күн колледж тарихында қалатын ерекше күн болды. 4 бөлімнің студенттерінен құралған топ мүшелері ортаға шығып, өз ойларын, мақтаныш сезімдерін білдірді. Ашылу салтанатына Әділет департаментінің «құқықты түсіндіру және халыққа қызмет көрсету» бөлімінің басшысы – Елубаева Нұргүл Мағжанқызы, «Jas Otan» жастар қанаты, Атырау облыстық филиалының өкілі Тургалиева Жадыра Нұрбекқызы қатынасты. Студенттердің «Өзін – өзі» басқару «Парасат» ұйымының президенті Хайырбек Мақсат сөз алып, «Біздің колледж еріктілеріне айтарым, «бос уақытыңды тиімді пайдаланып, жобаларды жүзеге асырып жүргенің – үлкен тәжірибе». Ерікпен елге қамқор болудағы алар тәжірибелерің - үлкен өмірге нық қадам басуға бірден бір көпір десем де болады», Ерікті болу – ерлікпен тең. Сөз соңында айтарым - еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенімім мол. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды - қалыптасса алынбайтын асу жоқ» - деп жалынды сөзімен студенттерімізге серпін берді. Осындай өз қалауымен мейірбандықты көбейтуге үлес қосамыз деген жалынды жастарымыздың бастау алған жиыны, шын көңілден шыққан концерттік бағдарламамен жалғасты.