Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ШОҚАНЫ БАР ЕЛ — ШОҚТЫҒЫ БИІК ЕЛ»
Колледж жаңалықтары

«ШОҚАНЫ БАР ЕЛ — ШОҚТЫҒЫ БИІК ЕЛ»

Ол туған елінің мүддесін қолдайтын өз заманының адамы еді. Табиғат оған ерекше қабілет берді. Білікті ғалым, зерттеуші елін қатты сүйді жəне сол елінің гүлденуі мен дамуын шынайы тілеп, өзінің асыл өмірін қазақ халқына арнады. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Əдістемелік кабинеттің жоспарына сай "Жаратылыстану жəне дене шынықтыру ", "Əлеуметтік-экономикалық" пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ғалымы, демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «ШОҚАНЫ БАР ЕЛ — ШОҚТЫҒЫ БИІК ЕЛ»
тақырыбындағы колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты:
1. Студенттердің ғылыми-шығармашылығын ұйымдастыру және басқару;
2. Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті теориялық және практикалық мәселелерін талқылау;
3. Ақпараттық құзіреттіліктерін дамыта отырып, жобалау және зерттеу жұмыстарының деңгейін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу;
4. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ету.
Конференция жұмысы екі бағытта өтті. Конференцияға колледж студенттерінен 30 баяндама келіп түсті.
Конференция барысында қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері , елі, жері үшін жасаған игі істері айтылды.
Шоқан таусылмайтын жыр , сарқылмайтын сыр. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін. Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін !