Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Бүгінгі студент-ертеңгі ел үміті" атты облыстағы бұқаралық спортты насихаттап, жемісті еңбек етіп жүрген мекеме басшыларымен кездесу
Колледж жаңалықтары

"Бүгінгі студент-ертеңгі ел үміті" атты облыстағы бұқаралық спортты насихаттап, жемісті еңбек етіп жүрген мекеме басшыларымен кездесу

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығында оқитын студенттермен "Бүгінгі студент-ертеңгі ел үміті" атты облыстағы бұқаралық спортты насихаттап, жемісті еңбек етіп жүрген мекеме басшыларымен кездесу болды. Кездесуге Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Тулеуова Н.У. "Олимпиадалық резервін дайындау орталығы" директорының орынбасары Шыныбеков С.А, "Бокстан облыстық мамандандырылған спорт клубы" директоры Чунышкалиев А.У, "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" директоры Тайжанов Б.А, "Атырау" футбол клубының директоры Шпанов Қ.А, "Атырау"облыстық волейбол клубының президенті Гарифоллаұлы А, және әр жылдары колледж бітірген түлектер қатынасты. Кездесуді ашқан директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Каментаева Г.Б. спорт мамандығында кәсіби спорт пен білімді қатар алып жүрген студент жастармен жұмысқа тоқталды. Кездесуді қорыьындылаған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кабделова Ә.С осы мамандықта оқитын жастар арасындағы туындайтын кейбір мәселелерге тоқталды. Әсерлі, тағылымды кездесу болды.