Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілді.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілді.

2020 жылғы 1-12 ақпан аралығында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыру жолында парасат-пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу.
Жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Сондықтан жас ұрпақ білім нәрінен бөлек, адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім қағидаттарын бойына сіңіруі тиіс.
Колледжде өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, адалдықтың маңыздылығы, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеу үшін көптеген шаралар өткізілді. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы,колледж кітапханасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты көрме, «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта көрме, «Әлемге ризашылықпен күлімде» театрланған қойылым, «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық шарасы өткізіліп, «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты қортынды концерттік бағдарламамен аяқталды.
2020 жылғы 12 ақпанда онкүндік аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1 және 2 ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Сүйіспеншілік-өмір негізі»тақырыбында ашық сабақ, «Балаға жүрек жылуы» топ сағаты, «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында әңгімелесу өткізілді.