Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш өтті
Колледж жаңалықтары

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш өтті

"Мәнерлеп оқу" үйірмесінің жетекшісі Ізбасарова Әсем Нұрбергенқызының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің басты мақсаты - ақынның шығармашылығымен таныстыру,поэзия құдіретін таныту. Кеш барысында жас таланттарымыз ақынның жалынды жырларын нақышына келтіріп,мәнерлеп оқыды. Кеште ақынның әсем әндері де шырқалды. Ақынның поэзиясы қазақ әдебиеті тарихында алар орны ерекше екені баршаға аян. Ендеше, Мұқағали ақынның отты өлеңдері,жүйрік поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп, көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек!