Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Еріктілер жылының» жариялануы біздің колледжімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін берді, жаңа жүйелі тәсілдерді анықтауға, жеке адамдар мен әртүрлі ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге жұмылдырды
Колледж жаңалықтары

«Еріктілер жылының» жариялануы біздің колледжімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін берді, жаңа жүйелі тәсілдерді анықтауға, жеке адамдар мен әртүрлі ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге жұмылдырды

«Еріктілер жылының» жариялануы біздің колледжімізде еріктілер қозғалысын дамытуға жаңа серпін берді, жаңа жүйелі тәсілдерді анықтауға, жеке адамдар мен әртүрлі ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге жұмылдырды. Бұл көптеген жылдар бойы волонтерлік қызметтің әртүрлі саласында жұмыс істегендердің бәрі үшін үлкен жеңіс. Ерте заманнан бері өзгелерге көмектесу – біздің мәдениеттің ерекшелігі және ата-бабаларымызға құрмет көрсете отырып, Қазақстанда жүздеген әлеуметтік жобалар асырылып жатқанын атап өтуге болады. Еріктілердің бірігуі осы жобалардың барлығын жұртшылыққа көрсетеді деп үміттенеміз және бұл жаңа волонтерлік бастамаларға түрткі болады деген сенімдеміз.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді, оған млн-нан астам еріктілер қатысады.
Иә, еріктілер жылы біз үшін де ерекше, жастардың бойында адалдық, мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерінің оянуы, сонымен қатар студенттердің ұжыммен жұмыс жасап қалыптасуына ықпал ететіндігі ақиқат, осы негізде колледжімізде Еріктілер жылына арнайы жоспар жасақталып, тапсырмалар берілуде, түрлі шаралар ұйымдастырылуда, атап айтсақ колледжіміздің «Қолғанат» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Атырау облыстық қарттар үйінде, «Даламның иісі бұрқырап,қарттарым аман сау жүрші» -деген әдеби сазды кеш өтті, сонымен қатар ұйымның ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандар орталығында болып, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтермен ойындар ұйымдастырылды.