Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Еріктілер жылына" арнап үйірме ұйымдастырылды.
Колледж жаңалықтары

"Еріктілер жылына" арнап үйірме ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына сәйкес,2020-жыл "Еріктілер жылы"болып бекітілді. Осы орайда, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Филология бөлімінің "Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" мамандығы бойынша 2(9)А тобы топ жетекшісі Доскариева Құралай Гибратжановна жетекшілігімен, топ іс-тәжірибеден өтіп жатырған №15 Абай атындағы орта мектептің әкімшілігінің қолдауымен "Еріктілер жылына" арнап үйірме ұйымдастырды. Үйірменің негізгі мақсаты-ерікті түрде қоғамға пайдалы болу, үзіліс уақытында мектеп оқушыларының зейінін пайдалы істерге баулу.
Мұнда студенттер оқушыларға қоңырау уақытында болатын түрлі концерттік бағдарламалар дайындап, балалардың зейінін арттыратын дәліз бұрыштарын жасақтады. Мысалы: мультфильм кейіпкерлері бүлдіршіндерді мың бұралып би билеуге , ән айтуға, актерлік шеберлікке, сурет салуға үйретсе, дәліз бұрыштарын ағылшын пәніне қызығушылық арттыратын кітаптар көрмесімен, кино-мультфильмдер жинағымен толтырды. Оқушылар өздеріне керекті сан түрлі затты үйреніп қана қоймай, нағыз патриотизмдік руxты бойға сіңіреді.
Кемел елдің ерікте де жалындаған жастары арта берсін!