Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Қолғанат »еріктілер клубы
Колледж жаңалықтары

«Қолғанат »еріктілер клубы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020-шы жылды Еріктілер жылы деп жариялады.Осыған орай Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, «Қолғанат »еріктілер клубының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы "Шанс" кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық,құқықтық қолдау орталығында болып өткен мерекелік іс-шараға студенттеріміз түрлі кейіпкерлерді сомдайтын аниматорлар болып,және түрлі ойындар ұйымдастырды. Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір игі сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестиция екеніне ешкім ешқандай талас тудырмайды.