Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "АБАЙ - ТЕҢІЗ, БІЗ - ТАМШЫ"
Колледж жаңалықтары

"АБАЙ - ТЕҢІЗ, БІЗ - ТАМШЫ"

"АБАЙ - ТЕҢІЗ, БІЗ - ТАМШЫ"
Қазақтың ұлы ақыны, философ, гуманист және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Нұрсұлтан қаласының 9 жасар Ләйлім-Шырақ бүлдіршіні бастап əрі қарай Президент Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен жүріп жатқан #Абай175 эстафеталық челленджін Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, "Мектеп" бөлімі Математика пәні мұғалімі мамандығының 3(9) мт тобы жалғастырды.
Челлендж өткізу мақсаты:
1) Абай Құнанбаевтың шығармаларын қоғамда кеңінен насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, тәрбиелікке, білім алуға, көркем мінезділікке тәрбиелеу;
2) дарынды жастардың қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде Абай шығармаларын жатқа оқу арқылы Абай шығармаларының ұлт пен тіл таңдамайтын құндылықтарын мүмкіндігінше көбірек қоғамның әр мүшесіне жеткізу.
Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қабделова Абай өлеңінен үзінді оқыды. Топ студенттері эстафеталық челленджді "Филология" бөлімінің 3 (9) жк, "Мектеп" бөлімінің 3 (9) е, 3 (9) б жəне 2 (9) мт топтарына жолдады жəне колледж ішінде жалғасын табады деген сенім білдіреді.