Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ТӘЖІРИБЕЛІК ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ИГІ БАСТАМАСЫ» атты облыстық семинары
Колледж жаңалықтары

«ТӘЖІРИБЕЛІК ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ИГІ БАСТАМАСЫ» атты облыстық семинары

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығымен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі бірлесіп ұйымдастырылған «ТӘЖІРИБЕЛІК ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ИГІ БАСТАМАСЫ» атты облыстық семинары болып өтті. Семинарды ұйымдастырудағы мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларының кәсіби өсуіне қолдау көрсету; Жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруде пән оқытушыларының тәжірибе алмасуы;
Күтілетін нәтиже: Оқытушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын жете меңгереді, ондағы материалдардың жаңаша оқытудың әдістемелік мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Кәсіби біліктілігі артады, тәжірибе алмасады;
- Оқытушылардың жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде педагогикалық тәсілдермен тиімді сабақ жоспарлау, критериалды бағалау, кері байланыс, рефлексия арқылы сабақты жетілдіру мазмұны туралы колледж озық тәжірибелерімен танысады, әр оқытушы пән әдістемелеріне енгізеді.


[media= https://web.facebook.com/100013796823361/videos/930098414126711/]