Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Жаңаша іс-тек бірлікте»
Колледж жаңалықтары

«Жаңаша іс-тек бірлікте»

                                                                                                   
                       «Жаңаша іс-тек бірлікте»

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі күні қазақ еліне арналған мәлімдемесі жарияланды. Мәлімдемесінде бүгінде әрбір қазақстандықты толғандыратын барлық сауалға толыққанды әрі нақты жауап берді. Президент төтенше жағдай режимін созу шешімін қабылдады. «Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым» деп көрсеткен болатын.
        Халқымыз қаншама қиын алмағайып кезеңдерді бастан кешкенде өзінің қанымен біткен сабырлы мінезіне салып, табандылық танытып, ұйымшылдықта, бірлікте болу арқылы қиындықты жеңе білді.
        Осынау еліміздің басына түскен індет кезінде басты міндет қып азаматтарымыздың денсаулығына көп көңіл бөліп, өмірлерін қорғап қалуда, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралардың мемлекет тарапынан жасалуы, халқымыз үшін жасалған игі іс шаралар деп білеміз. «Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» -деп атап көрсетті.
        Елімізде қатаң карантин шаралары енгізгеннен бері мекемелер мен кәсіпорындар, оқу орындары қашықтан жұмыс істеу режимінде жұмыстарын жалғастыруда. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттері қашықтан оқытылып, ата-аналармен үнемі байланыс орнатып, оқу жүйесін өз деңгейінде жүргізуде.
        «Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін! Халқымыз «Береке басы - бірлікте» дейді. Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!» деген мемлекет басшысының үндеуін Тәуелсіз еліміздің жанашыры ретінде әріптестерімді, білім алушылармен ата-аналарды бірлесе ат салысуға шақырамын. Бұл күштің құрсауын бұзатын, жаңа бастамаларға жол ашатын – жастарымыз бар. Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы еліміз қандай сыннан да сүрінбей өтіп, қиындықты жеңетініне сенемін!!!

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж директоры, п.ғ.к Қарабаева А.С.