Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Ұлы соғыс. Ұлы жеңіс. Ұлы ерлік" (Онлайн ғылыми - практикалық конференция)
Колледж жаңалықтары

"Ұлы соғыс. Ұлы жеңіс. Ұлы ерлік" (Онлайн ғылыми - практикалық конференция)

1941 жылы "Соғыс басталды"-деген зұлмат хабардың "Ұлы Жеңіс"-деген сөзбен алмасқанына, биыл 75 жыл. Бұл жеңіс ешкімге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама жас қыршынынан қиылып, сағағынан үзілгені тарих беттерінде айқын жазылған.
Жауыз соғыс жамандық әкелмесе, жақсылық әкелмейді.
Ешқашанда жауынгерлер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшілердің ерен ерліктері ұмытылмайды. Болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру мақсатында 8 мамыр күні ZOOM жүйесі арқылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттерінің арасында ғылыми-практикалық конференция онлайн-форматта өтті. Конференцияға 30-ға жуық жұмыс түсті. Материалдар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады. Баяндамашылар тақырыптарын тұжырымдап, белсенділік танытып, осы тұрғыда өз ұсыныстарын нақты бейнелі түрде айтып, теоретикалық пікірлерімен бөлісті. Барлық қатысушыларға арнайы тағайындалған сертификаттар берілді. Кері байланыс WhatsApp бағдарламасы арқылы жүзеге асты.