«Отбасы-бақыт мекені» / тәрбиелік шара /
2020 жылдың 15 мамыр күні Республикалық «Отбасы сағаты» акциясы аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы 2(11)б тобында қашықтықтан «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.Тәрбиелік шара қоғамда отбасы құндылығын насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.