Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз"
Колледж жаңалықтары

"Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз"

Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. "Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз" деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс -аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп,артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілды. Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығатыны сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы - құрдастарының, дос - жараңдарының да әсері күшті.
Қазақтың "Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол", "Қызға қырық үйден тыйым" деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық "Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без" деген. Ұлы Абай атамыз "Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма" деген екен. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол Адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, кілем тоқу, көрпе көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.