Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Үздік топ жетекшісі» - 2020" байқауы
Колледж жаңалықтары

"Үздік топ жетекшісі» - 2020" байқауы

«Үздік топ жетекшісі» - 2020" байқауы қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Байқау: 
-ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;
-топтың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде топ жетекшілерінің шығармашылық зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;
-тәрбие беделін, әлеуметтік және адамгершілік маңызын арттыру, қоғамдық құндылығын таныту;
-тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.