Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Өнегелі салтың бар өсер ұрпақ» (онлайн сайыс)
Колледж жаңалықтары

«Өнегелі салтың бар өсер ұрпақ» (онлайн сайыс)

«Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды»,- деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай бабалар мұрасы біз үшін келер ұрпаққа аманат. Қарап отырсақ, өткеннің бәрі кеше, болашақтың бәрі ертең болып қалуда. Бар үмітіміз – бүгінде. Ендеше, кеше мен ертеңнің арасын жалғастыру бүгіннің еншісінде. Ұлттық дәстүрімізден озбай, қазақы қалпымызға қылау түсірмей, ұядан алған ұлағатты сақтап өткен жөн деп ойлаймыз. Себебі ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда қазақ жастары үшін ауадай қажет.
22 мамырда Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Мектеп» бөлімінің 1, 2 курс топтары арасында «Өнегелі салтың бар өсер ұрпақ» тақырыбында қазақ халқының көне салт - дәстүрлерінің мағынасын терең зерттеп, оның алатын орнын айқындау, дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту, ұрпаққа дәріптеу мақсатында онлайн сайыс өтілді.
Сайыс қорытындысы бойынша "Халқымның өнегелі дәстүрі" кезеңінде Бас жүлде - 1 (9) б тобы І дәрежелі диплом – 1 (9) ф тобыІІ дәрежелі диплом – 1 (11) б тобы ІІІ дәрежелі диплом – 1 (9) мт тобы «Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі» эссе жазу кезеңінде Бас жүлде - 1 (9) т тобы І дәрежелі диплом – 1 (9) мт тобы ІІ дәрежелі диплом – 1 (11) б тобы ІІІ дәрежелі диплом – 1 (9) ф тобы.
«Халқын сүйген, салтын сүйер» дейді халық даналығы, халқын сүйіп, салтын сыйлар, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатын саналы ұрпақ көп болсын. Сайысқа белсене ат салысқаны үшін топ студенттеріне және топ кураторларына алғысымызды білдіреміз.