Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Сын шақта шыңдалған жігіттердің сұлтаны» /онлайн сайыс/
Колледж жаңалықтары

«Сын шақта шыңдалған жігіттердің сұлтаны» /онлайн сайыс/

Өскелең ұрпақты батылдыққа, шешендікке, тапқырлық пен имандылыққа баулу мақсатында «Өнер және мәдениет» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сын шақта шыңдалған жігіттердің сұлтаны» атты 1-3 курс студенттері арасында 23 мамырда онлайн сайысы өтті. Сайыс таныстыру, өнерін көрсету мен өз мамандығы бойынша қабілеттерін паш ету бөлімдерінен тұрды. Сайысқа әр топтан бір ер баладан шығып, барлығы 6 студент қатынасты.
Нәтижесінде «Шымыр жігіт» номинациясымен 1(9)сжо тобы студенті Туретай Диас, топ жетекшісі Р.Х.Исенгариева, «Өнерлі жігіт» номинациясымен 1(9)ке тобы студенті Хайрлиев Бекзат, топ жетекшісі Б.С. Бергалиева, «Сегіз қырлы бір сырлы жігіт» номинациясымен 1(11) сжо тобы студенті Жұмашев Бекежан, топ жетекшісі Д.Қ.Салимов, «Жігерлі жігіт» номинациясымен 3(9)дш(б) тобы студенті Ақылбекұлы Бекзат, топ жетекшісі А. А. Садикова, «Парасатты жігіт» номинациясымен 3(9)дш (ж) тобы студенті Темірбаев Әсет, топ жетекшісі С.Т. Қарабалин марапатталса, ал барлық талаптарға сай оқ бойы озық көрінген 3(9) бөс тобы студенті Есенжан Елдос «Жігіт сұлтаны» номинациясына ие болды. Топ жетекшісі А.О.Шамарова.
Сайысқа қатынасушылар көркем сөз оқуда, сурет салу мен музыкалық аспаптарда ойнау сияқты тамаша өнерлерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар спорт саласынан да үздік бейнероликтерімен бөліскен болатын.
Белсене қатынасқан барша сайыскерлерге колледж әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.