Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» /тәрбие шара/
Колледж жаңалықтары

«Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» /тәрбие шара/

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» тақырыбында қашықтан тәрбие шарасы өткізілді.
Тәрбие шарасының мақсаты: саяси қуғын – сүргін және аштық құрбандарын еске алу, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес екендігін ұғындыра отырып, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды бүгінгі күні еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы екенін түсіндіру.